5 жыл мерзімге келісім. Kozybayev University "Cool infinity" ЖШС-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Кәсіпорын ЖОО түлектеріне жұмыс пен тәжірибе жасауға мүмкіндік береді. Зауыт мықты кадрларға ие болады және өз мамандарын қосымша қайта даярлай алады. Жалпы, келісім жасасқан екі тарап та риза болады.